Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Нью-Йорктен қаралы хабар келді: белгілі ақын Бақыт Кенжеев қайтыс болды

Нью-Йорктен қаралы хабар келді: белгілі ақын Бақыт Кенжеев қайтыс болды
kulturologia.ru
Ақынның өлемі әлемнің ондаған тіліне аударылған.

Қазақстанның белгілі ақыны Бақыт Кенжеев қайтыс болды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Нью-Йорктен қаралы хабар келді. Қазақстанның белгілі ақыны Бақыт Кенжеев қайтыс болды. Бақыт Кенжеевтің поэзиясы мұхиттың екі жағында да танымал болды. Сөз шеберлігі Бақыт Шүкіроллаұлын әлемдік әдебиеттің классигіне айналдырды. Ақынның шығармалары әлемнің көптеген тіліне, соның ішінде қазақ тіліне аударылды. Бақыт Кенжеевтің кенеттен қайтыс болуына байланысты оның туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", – деп жазды Балаева.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар