Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыдағы автобус апатынан неше адам зардап шеккені нақтыланды

Алматыдағы автобус апатынан неше адам зардап шеккені нақтыланды
nur.kz
Зардап шеккендер арасында 14, 15 және 16 жастағы үш жасөспірім бар.

Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері Алматыда автобус апатынан зардап шеккендердің нақты санын атады.

"№18 автобусы апатынан 25 адам зардап шекті. Өкінішке қарай, жедел медициналық қызмет келгенше бір адам қайтыс болды. Екеуіне сол жерде медициналық көмек көрсетіліп, амбулаторлық емдеуге жіберілді. Зардап шеккен қалған 22 адам қалалық ауруханаларға жеткізілді, бәрінің жағдайы орташа ауыр", - деп хабарлады басқармадағылар.

Зардап шеккендер арасында 14, 15 және 16 жастағы үш жасөспірім де бар. Олардың жағдайы да орташа ауыр: бір баланың тізесі мен іші көгерген, екіншісінде мұрын сүйегінің жабық сынуы, ал үшіншісінде оң аяғының жабық сынуы болған.

"Қазір науқастар қажетті ем-дом мен тексеруден өтіп жатыр. Содан кейін кімге стационарлық ем қажет екені, кімнің тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберілетіні белгілі болады. Барлық науқасқа қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі", - дейді басқарма өкілдері. Еске салайық, бүгін Алматыдағы Мақатаев пен Сейфуллин қиылысында автобус жол апатына ұшыраған. Бастапқыда 16 адам зардап шеккені хабарланған еді. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар