«Күлдіреді, жылатады, құлатады»: Наркенже Серікбаева әсерлі жазба қалдырды
- автор Томирис Тоныкөк
- 27 маусым, 2024
- 1.6k
Белгілі әнші Наркенже Серікбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жүрек тебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Ол соңғы айларда көрген қиындығы туралы өз парақшасында жазды.
"Кенжегүл деген атымды жүк көтерер нардай болсын деп Наркенже деп атауында да мән бар-ау… Тағдырдың түрлі сынағынан өтіп келем. (Аллаға шүкір) Күлдіреді, жылатады, құлатады, күн батады, таң атады. Өтіп жатқан өмір. Дөңгеленген дүние, дүниеге кім ие… "Өмірден өткендерден бір хабар жоқ, жағдайы ана жақтың қандай екен деп" осы термеде айтылғандай, 6 айда екі қимас адамдарымнан айрылдым. Ана жаққа барып келген ешкім жоқ қой дегенмен, кейде сағынғанда жағдайларын сұрағың келеді екен. Сырласқың келеді екен…Бұл термемен молдаларды сынағым жоқ, бірақ өзім түсінбейтін, білмейтін дүниелерді сұрағым келеді", - деп жазған ол.
Тоқаев: Жемқорлықты түбірімен жоюымыз керек
Ұқсас жаңалықтар
Қар, боран, үскірік аяз: 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы айтылды
- авторkyn.kz
- 24 қаңтар, 2026
Мас күйде көлік жүргізген судья Әсел Досаева қызметінен босатылды
- авторkyn.kz
- 24 қаңтар, 2026




