Алматыда автобусқа соғылған көлік тізгінінде белгілі кинопродюсер болған
- автор kyn.kz
- 27 маусым, 2024
- 14.9k

Алматыда автобусқа соғылған автокөлік тізгінінде белгілі кинопродюсер болған көрінеді. 28 жастағы әйел қазір қамауда. Дереккөзге сенек, медиакомпания продюсері елдегі танымал криминал драмалардың түсірілімінде жетекшілік еткен, - деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Алайда кинокомпания бұл ақпаратты растамады, жоққа да шығармады.
Кеше Мақатаев пен Масанчи көшелерінің қиылысында болған жол апатынан бір адам қаза тауып, 25-і жарақаттанды. «Киа» көлігі Мақатаев көшесімен оңтүстікке қарай келе жатып автобуспен соқтығысады. Қоғамдық көлік оң қапталдағы дүкенді жайпап өтіп бір-ақ тоқтайды. Артынша полиция кроссовер тізгіндеген жүргізуші әйелді уақытша ұстау изоляторына қамағаны белгілі болды. Ал «Сити Бас» компаниясы апатқа қатысты жақ ашар емес. Тек қоғамдық көлікті тізгіндеген азаматтың тәжірибесі мол екенін айтудан әрі аспады. Осы жол апатынан қаза тапқан жігіт тапсырыс жеткізумен айналысқан көрінеді. Ал зардап шеккен төрт адам әлі ауруханада жатыр.
"40 градус ыстық": 28 маусымға ауа райы болжамы жасалды
Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Сауранбаев көлік министрі лауазымына тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025
Алматы қаласында бір апта бойы күн ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 маусым, 2025