ІІМ: бельгиялық әйел асырап алған Жәнібектің оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 маусым, 2024
- 662
Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев анасын Бельгиядан іздеп келген қазақ Жәнібек Савельевтің оқиғасына қатысты пікір айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Egemen.kz сайтына сілтеме жасап.
«Жәнібек Савельевтің асыралуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Қай уақытта, қай себеппен шетелге шыққаны анықталып жатыр. Әке-шешесі іздестіріліп жатыр. Нақты Жәнібектің оқиғасы сияқты істер бар деп айта алмаймын. Ондай істер жоқ», - дейді Қожаев.
Айта кетейік, Жәнібек Савельев 2023 жылдың соңында Қазақстанға туған анасын іздеп Белгиядан келеді. Соңғы айларда оның анасын табуға көмектесетін көптеген мәліметке қол жеткен. Мысалы, «Бармысың, бауырым?» редакциясы ДНҚ зерттеулері арқылы оның туған кезде басқа баламен ауысып кетуім мүмкін екенін анықтаған.
Жәнібектің өзі күні кеше асырап алған анасы ауыр дертке шалдыққанын айтып, қазақстандықтардан көмек сұраған болатын.