Қызылордада 3 жасар қыздың басы балконға қыстырылып, шықпай қалған
- автор Томирис Тоныкөк
- 28 маусым, 2024
- 1.7k
 
 Қызылордада 3 жасар қыздың басы балконның теміріне қысылып қалған. Ата-анасы шығара алмай, ТЖМ қызметкерлерін шақырған, деп хабарлайды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Бұл туралы белгілі журналист Гүлмира Әбіқай желідегі парақшасына бөліскен. Айтуынша, балконға қыстырылып қалған қыздың басын ата-анасы шығармақ болған. Алайда, нәтиже шықпапты.
"Басын балконнан шығара алмай қиналды. Қызылордадағы көп қабатты үйдің балконына шығып, темірден басын шығарып ауланы көрмек болған 3 жасар қыздың басы қысылып қалды. Өздігінен шығармақ болды, ата-анасы суырып алмақ болды, нәтижесіз. Ақыры төтенше жағдайға хабарласып, құтқарушылар темірді кесіп, 3 жасар қызды аман-есен құтқарды.
 Бұл жағдай 2 ай бұрынғы оқиғаны еске салды. Сәуір айында танысына келген мейман темір дулығаны киіп көрмекші болып, басынан шықпай қалып еді ғой? Ұмытпаған шығарсыздар? Ол кезде де оқиға Қызылордада болған", - деп жазған ол.
Парламент депутаттары каникулға кетті
Ұқсас жаңалықтар
Бақытгүл Хаменова тойға баруға рұқсат алған – Бас прокуратура
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 қазан, 2025
Алматы әкімінің экс-орынбасары Ержан Бабақұмаровты өлтіріп кетті
- авторТомирис Тоныкөк
- 30 қазан, 2025

 
 





