Қоғам
«5 миллион теңге»: тағы да 140 балл жинаған оқушыға сыйақы берілді
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 маусым, 2024
- 4.2k
Ержанова Айым Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы мектебінің оқушысы
ҰБТ-дан сүрінбек өтіп, жоғары балл жинаған оқушыға сыйақы берілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қосымша білім беру орталығы түлекке Дубайға жолдама және 5 миллион теңге берді.
140 балл алған дарынды оқушы Ержанова Айым Р.Қошқарбаев атындағы Қосшы мектебінің оқушысы. Ол тестілеуде берілген 140 сұрақтың барлығына дұрыс жауап берген.
«Дүниежүзі тарихы және ағылшын тілі пәндерін таңдадым. Ата-анама және ұстаздарыма алғыс айтамын. Алла қаласа Еуразия ұлттық университетінен екі шет тілі мамандығын таңдап отырмын. Емтиханның алдында ұйықтай алмай, уайым болды. Бірақ тапсырып біткен соң баллды көргенде қуанып кеттім. Ең бастысы жақсы ниет болып, сену керек. Соған әрекет жасау керек», - дейді Ержанова Айым.