Қоғам
“Көмектесіңдерші”: Қарағандыда бардың алдында күйеуі әйелін ұрған (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 29 маусым, 2024
- 2.2k
Бейнежазбадан әйелдің бар даусымен айғайлап көмек сұрағаны естіледі.
Қарағандыда ер адам әйелін бардың алдында соққыға жықты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Куәгер ерлі-зайыптыларды видеоға түсіріп желіге жүктеген. Бейнежазбадан әйелдің бар даусымен айғайлап көмек сұрағаны естіледі.
Ал мекеменің күзетшілері әйелге көмекке бармаған. Әйелі мен күйеуінің арасындағы кикілжіңге араласпауды жөн көрген. Олардың үйге кетулерін күтіпті.
Алайда, куәгер оқиға орнында полиция шақырып үлгерген. Әйеліне қол көтерген ер адамды бөлімшеге алып кеткен.
Ұқсас жаңалықтар
Қоғам
Маңғыстау облысында ер адам әкімдік ғимаратының алдында өзін өртеді
- авторТомирис Тоныкөк
- 5 желтоқсан, 2024