Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Көп әйелділік - Алла рұқсат берген»: Мұхамеджан Тазабек көп әйел алуға қатысты ойымен бөлісті

«Көп әйелділік - Алла рұқсат берген»: Мұхамеджан Тазабек көп әйел алуға қатысты ойымен бөлісті
Сурет: elorda.info
Әйел табамын-ау, бірақ өзімнен әділдік табамын ба?

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, айтыскер ақын Мұхамеджан Тазабек көп әйел алуға қатысты ойымен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасындағы сторисінде жариялады. Оқырманының бірі оның неше әйелі бар екенін сұраған.

"Көп әйелділік - Алла рұқсат берген, бірақ жауапкершілігі өте зор шешім. Ең керегі - әділдік. Содан соң сабыр, қаражат, даналық, білім, денсаулық.

Адам сапасы кеткен қоғамда отбасының да сапасы оңай болмай тұр. Өтірік күліп, іштей жылап жүрген әйел де, еркек те жетеді. Әйел табамын-ау, бірақ өзімнен әділдік табамын ба? Күйеу табасың-ау, біреу тағдырыңа сүйеу табасың ба?

Тағдыр деген, нәсіп деген нәрсе бар... Елдің бәрі сұлтан Сүлеймен емес, Сүлейменнің бәріне Хюррем сұлтан нәсіп бола бермейді. "Қанша су ми болса да, сусар бөрік тазда бар" деп Есенқұл ақын айтқандай кейде жапалақ жарғанатқа үйленіп, кейде жылан алтынды құшақтап жатады. Өмір ғой.

Әр отбасы - жеке сынақ, дара жауапкершілік! Мен де бұл жағынан сынақ біреу! Не болса да басқа жар ала алмадым. Алла бойдақтарды отбасылы етіп, барлық отбасыларға ынтымақ, береке, ізгілік нәсіп етсін!

Кімге қандай тағдыр нәсіп етсе де, ең бастысы еркектер езілмесін, әйелдер қорланбасыншы", - деп жазды ол. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар