Шавкат Рахмонов ирландиялықпен жекпе-жек өткізуге келісті
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 шілде, 2024
- 1.3k
Ирландиялық UFC файтері Ян Гарри отандасымыз Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Ол Рахмоновпен жұдырықтасу ниетін UFC 303 турнирінде британдық Майкл Пейджді (22-3) жеңгеннен кейін айтты.
«Мен Шавкатпен жаттығу залында бірге дайындалдым. Рахмоновты сыйлаймын, бірақ оның жеңіліс нәтижесіндегі 0 көрсеткішін бұзамын. Оны жеңген бірінші адам болғым келеді, оны қалай істеу керек екенін білемін», - деді Ян Гарри.
Ал Шавкат Рахмонов оның шақыртуына Х парақшасында іле-шала жауап берді.
«Ян жаттығу кезінде не болғанын ұмытып қалған сияқты. Болашақта есіне түсіруге қарсы емеспін», - деп жазды ол.
Айта кетейік, отандасымыз бұл жылы әлі жекпе-жекке шықпады. Ол кейінгі кездесуін былтыр желтоқсан айында өткізіп, америкалық Стивен Томпсонды (17-7-1) екінші раундта тізе бүктірген еді.