«Қатты мас болған жоқпын»: Әлішер Каримов сахнаға ішімдік ішіп шығатынын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 1 шілде, 2024
- 1.3k
Әнші Әлішер Кәрімов сахнаға шыққанда кейде ішімдік ішіп алатынын мойындады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өнер иесі бұл туралы тележүргізуші Асхат Садырбайға берген сұхбатында айтты. Ол сахнаға шыққанда алкагольдік ішімдік қолдарнуының себебін түсіндірді.
"Сахнаға ішіп шыққан кездерім болды, болады кейде. Әр түрлі жағдай болады. Мысалы жеке концертің болатын кезде, пойыз немесе ұшақпен ұшқанда дауысың отырып, суық тиіп қалуы мүмкін. Сондай кезде 50, тіпті болмай жатса 100 грамм коньякті тартып жібересің да, сахнаға шығасың. Одан көп емес. Қатты мас болған жоқпын. 50 граммнан мас болмайсың, тек көздерің жарқырап, дауысың жарқын шығады. Бұл деген сахнаға фонограмамен шықпайды деген сөз. Қатты мас болып, сахнада бейәдеп сөз айтатын әріптестеріміз бар. Оған өз басым қарсымын. Ол сенміділік беретін шығар", - деді әнші Асхат Садырбайға берген сұқбатында.