Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Азамат Сатыбалды өмірде есінен кетпейтін өкінішін айтты

Азамат Сатыбалды  өмірде есінен кетпейтін өкінішін айтты
Инстаграм
Актер марқұм ата-анасын еске алып, жастарға өз кеңесін айтты.

Актер Азамат сатыбалды марқұм анасы мен әкесін есіне алып іштегі өкінішін айтты. Ол жастарға барында, көзі тірісінде  ата-ананы құрметтеп, батасын алып қалуға кеңес берді, деп жазды KYN.KZ  тілшісі.

"Бүгін әкемнің өмірден өткен күні. Осыдан төрт жыл бұрын, дәл осы күні кешкі сағат сегіздерде әкем бізбен қоштасты. Жандарыңыз жәннаттық болсын асқар тау әкешім, аяулы анашым. Дүниеде әкеңе еркелеуден асқан бақыт бар ма? Көп нәрсе жазғым келеді, бірақ сағыныш деген сезім алқымдап тұншықтырып тұр. Әке-шешең өмірден өткенде екі өкініш қалады.

1. Неге жақсылық жасамадым. 2. Жасасаң, неге бұдан да көп жасамадым екен деген… Ата-анасы мына өмірде барлар, қандай бақыттысыңдар. Бағалаңдар. Жақсы көріңдер. Беттерінен қайта-қайта сүйіңдер. Сыйлық жасаңдар. Жағдайын сұраңдар. Көңілдерін көтеріңдер. Барынша батасын алыңдар. Бақыт батада", - деп жазды ол.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар