«Еріндері кеседен басқа жерге тимеген»: өзінен 5 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан қыз желіні шулатты (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 2 шілде, 2024
- 23.9k
Өзінен 5 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан қыз желіні шулатты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ақерке Болат есімді ары өзінің Instagram-дағы парақшасына күйеуімен таныстығы туралы видео жариялаған. Ол күйеуінің өзінен 5 жас кіші екенін жазып, бұйрықтан қашу мүмкін еместігін жазған.
"6 жылдан асыпты таныстығымызға. Әуелі барлығы бір салада жұмыс жасаудан басталды. Өсе келе дос болдық. Бірақ қыз бен жігіттің арасында достық болмайды екен. Мен қарамаймын, тимеймін деп кесіп айтпаңыздар. Жасамаймын деген нәрсені Аллаһ шыр айналдырады екен. Барлығы Алланың қалауымен", - деп жазған ару.
Алайда, желі қолданушылары өзінен 5 жас кші жігітке тұрмысқа шыққан қызды сынады. «Сүт кезінде қағып алыпты», «Жігіт өспей ма болып тұр ғой», «өзің тәрбиелеп алған шығарсың», «Еріндері кеседен басқа жерге тимеген жігіт болыпты» деген секілді мазақтап пікірлер қалдырған.