Айдос Садықов он үш күн бойы жансақтау бөлімінде өмір үшін күресті
Киевте қастандық жасалған журналист Айдос Садықов қайтыс болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы оның жұбайы Наталья Садықова хабарлады.
«Айдос Садықов бүгін Киев уақытымен 3:00-де қайтыс болды. Менің сүйікті жарым, үш баламыздың әкесі, қазақтың біртуар перзенті. Айдос Қазақстан үшін жанын беріп, киллердің қолынан қаза тапты. Айдос он үш күн бойы жансақтау бөлімінде өмір үшін күресті, бірақ ғажайып болмады», – деп жазды Наталья Садықова.
Еске салсақ, 18 маусым күні Айдос Садықовқа Киевтегі үйінің жанында оқ атқан болатын.
Садықовтың өміріне қастандық жасады деген күдіктілердің бірі – Алтай Жақанбаев ұсталды.