«Іштей барлығына келістім»: Бишімбаевтың экс-әйелі онымен қалай ажырасқанын айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 шілде, 2024
- 545
Экс-минстр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман күйеуімен ажырасқанда ата-ана ретінде міндеттерді қалай бөлісіп алғаны туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Назым Қаһарманға желідегі парақшасында оқырманының бірі ажырасқаннан кейін ата-ана ретінде міндеттерді қалай бөліскені туралы сұрақ қойған.
"Біз ресми ажыраспай тұрып, үш ай бұрын мен келіссөздер жасадым. Суық және байсалды бастадым. Қандай да бір эмоциясыз, мен іштей барлығына келістім. Біз біреуді жақсы ата-ана болуға мәжбүрлей алмаймыз. Біз іскерлік тұрғыдан балалардың барлық шығынын есептеп, алимент шартын жасадық. Қазір ол қолданыста. Құжатта кім не істейтіні және не үшін төлейтіні нақты жазылған. Әрине, кейбір жерлерінде ол мүлдем келіспеді, түзетулер енгізді. Бірақ бұл дұрыс! Осылайша біз бір мәмілеге келдік, екеуміз де түсіндік. "Жеңді-жеңді" стратегиясы өте сәтті", - деп жауап жазды ол.