Калейдоскоп
+43 градусқа дейінгі ыстық: Қазақстандықтарға ескерту жарияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- 3 шілде, 2024
- 3.9k
Күндіз өте қатты ыстық күтіледі, +33...+43 градусқа дейін жетеді
Синоптиктер 4, 5 және 6 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ауа райы болжамына сәйкес, алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігі циклонның ықпалында қалады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел соғады.
5 шілдеде солтүстік-батыста, 5-6 шілдеде солтүстікте, орталықта және оңтүстік-шығыста, 4-6 шілдеде шығыста қатты жаңбыр күтіледі.
«Республиканың батысы мен оңтүстік-батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Сондай-ақ, еліміздің батысында күндіз өте қатты ыстық күтіледі, +33...+43 градусқа дейін жетеді», - делінген хабарламада.
Ұқсас жаңалықтар
Калейдоскоп
"Абай болу керек": ТЖД алматылықтарға ескерту жасады
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 қараша, 2024