Тоқаев: ШЫҰ Хатшылығы мен Бас хатшының рөлін күшейтуді құптаймыз
- автор Томирис Тоныкөк
- 4 шілде, 2024
- 375
Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымын реформалау және жаңғырту қажеттігіне арнайы тоқталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Президент ұйым жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтты.
"Қарқынды жаһандық өзгерістерге байланысты біздің алдымызда ШЫҰ қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды міндет тұр. Ұйым аясының кеңею үдерісі жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, оны дамытуға тың серпін береді. Еліміз ШЫҰ-ға төраға ретінде Ұйымды ынтымақтастықтың бұдан да тиімді әрі көпжақты механизміне айналдыруды көздейтін теңгерімді ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, біз ШЫҰ Хатшылығы мен Бас хатшының рөлін күшейтуді құптаймыз", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы қолдау білдірген Ұйымға мүше елдердің басшыларына ризашылығын жеткізді.