Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жалпыұлттық аза тұту күні

Бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне тағайындалды

Бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне тағайындалды
Сурет: Sputnik / Болат Шайхинов
Қазір Ермекбаев ұйымның бас хатшысының орынбасары

Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) 2025-2027 жылдарға дейінгі бас хатшысы болвп бұрынғы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев тағайындалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі. 

Мұндай шешім Астанада өткен ШЫҰ саммитінде қабылданды.

Ермекбаев ұйымды 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап басқарады, ол 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап бас хатшы қызметін атқарып келген Қытай өкілі Чжан Минді ауыстырады. 

Қазір Ермекбаев ұйымның бас хатшысының орынбасары.

Нұрлан Ермекбаев – Қазақстанның мемлекет қайраткері, төтенше және өкілетті елшісі, саяси ғылымдарының кандидаты. 

Ол 2018 жылғы 7 тамыздан 2021 жылғы 31 тамызға дейін ҚР Қорғаныс министрлігін басқарды, генерал-лейтенант әскери атағы бар.

Қазақстан ШЫҰ-ға 2023 жылдың шілдесінен бастап төрағалық етеді. Астана саммитінен кейін ұйымға төрағалық Қытайға өтеді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар