Менің асымды ішіп, үйімде жүрдің": сотта сөйлеген Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың досына ұрысты
- автор Томирис Тоныкөк
- 5 шілде, 2024
- 67.0k
Әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қайрат Нұртастың ісі қаралып жатқан сотта сөз сөйледі, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Продюсер бір-бірімен соттасып жатқан ұлы мен оның досын бір келісімге келуге шақырды.
"Екеуің де кінәлісіңдер. Сондықтан халық алдында масқараламай, артық сөздің керегі жоқ. Одан да бір-біріңді кешіргендерің дұрыс. Осы үйімде менің асымды ішіп, жылдап жүрдің. Анаң ретінде айтайын. Бір-біріңнен кінә іздемей-ақ қойыңдар", - деді Гүлзира Айдарбекова.
Айта кетсек, бүгін, 5 шілде әнші Қайрат Нұртастың ісі бойынша сот отырысы өтті. Әншіге бұзақылық жасап, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтірді деген айып тағылды.