Астана күні мен ШЫҰ құрметіне атылған отшашудың құны 2 жарым миллиард доллардан асқан
- автор Томирис Тоныкөк
- 6 шілде, 2024
- 662
АҚШ тәуелсіздігін тойлаған 4 шілде күні атылған отшашу құны 2,4 миллиард доллардан асқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Алдымен бұндай қымбат отшашу құны АҚШ-та сатылған отшашулардың жалпы жиынтық құнын көрсетеді.
Америкалық отшашулар қауымдастығының мәліметі бойынша, биылғы жылы елдің тәуелсіздігін тойлаған 4 шілде күні атылған отшашу сатудан түскен қаржы 2,4 миллиард доллардан асқан. Тәуелсіздік күні аспанға отшашу ату америкалық мейрамның ажырамас бөлігі деп саналады.
2024 жылғы отшашу сатылымы пандемияға дейінгі 1 миллиард долларлық көлемнен 2,4 есеге өскен.
Америкалық отшашулар қауымдастығының атқарушы директоры Джули Л. Хекманның айтуынша, биылғы жылы отшашуларды пайдалану рекордтық көрсеткішке жеткен.
Хекман «бағасы төмен болса да, тұтынушылар отшашуды пайдаланған кезде қауіпсіздікке басымдық беріп, оларды тек заңды рұқсат берген орындардан сатып алу керектігін» ескерткен.