Әнші: Алладан өзім сұрап алдым
Төреғали Төреәлі дүйім жұртқа алтыншы баласына қандай есім бергенін өлең жолдарымен жеткізді, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
Әнші өмірге келген сәбиіне ТөреАхмет деген есім берген.
"Өмірге келді тағы бір Ахмет,
Құдайдың мұнысына рахмет.
Алладан өзім барып сұрап алғам
Мұхаммедтің басында дұға тілеп.
Атасы ТөреАхмет деп атын қойды
Ахмет Мұхаммедтің бір аты деп.
Ахмет Байтұрсынов атасындай
Алаштың көзін ашар жыр оқы деп.
Бұны бірақ кенжем деп ойламаймын
Талаптанып көремін бір екі рет!" - деп жазды әнші.