Зеленский Киев пен Мәскеу арасындағы ықтимал үш арағайынды атады
- автор kyn.kz
- 9 шілде, 2024
- 667
Владимир Зеленский Польша премьер-министрі Дональд Тускпен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихатында Украина мен Ресей арасындағы келіссөздерде делдал ретінде тек АҚШ, Қытай және Еуроодақ бола алады деп мәлімдеді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Украина презмденті Зеленскийдің айтуынша, Ресейді соғысты тоқтатуға тек «Мәскеу тәуелді болатын экономикасы немесе Ресей армиясынан мықты армиясы бар күшті одақтастар»көндіре алады.
«Әлемде мұндай елдер көп пе? Көп емес. Америка Құрама Штаттарын осындай ел деп ойлаймын. Қытай да сондай. Еуроодақты да сол қатарға жатқызамын» - ЕО-дағы қандай да бір жеке ел емес, жоқ, - бүкіл Еуроодақ деп ойлаймын. Бұл осындай делдалдық миссия бола алады», - деді ол.
Бұл мәлімдеме Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанның Киев пен Мәскеуге сапарларынан кейін жасалды. Еуроодақта Будапештің Брюссель атынан Мәскеумен келіссөздер жүргізуге мандаты жоқ екенін ескертті, мұны Венгрия премьер-министрі де мойындады.
Ұқсас жаңалықтар
Министр Қанат Шарлапаев: «Көлігімді ауыстырып берулерін сұраймын»
- авторТомирис Тоныкөк
- 29 қазан, 2024