Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Министр Қарабаев шілде айында ашылатын жаңа жолдарды атады

Министр Қарабаев шілде айында ашылатын жаңа жолдарды атады
inkaraganda.kz
"Қарағанды – Алматы" жолының 83 шақырымы уақытынан бұрын пайдалануға беріледі

Көлік министрі Марат Қарабаев осы айда пайдалануға берілетін жаңа жолдарды атады, деп хабарлайды KYN.KZ  тілшісі  Sputnik Қазақстан  сайтына сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, қазіргі кезде ұзындығы 879 шақырым "Қарағанды – Алматы" жолының 400 шақырымында асфальт төсеу аяқталды.

"Аталған жобаға 1 мыңнан астам жол техникасы және 2 мыңға жуық жұмысшы тартылған. Шілде айында аталған жолдың 83 шақырымы уақытынан бұрын пайдалануға беріледі",-деді Қарабаев үкіметтің бүгінгі отырысында.

Ал "Талдықорған – Өскемен" автожолының 751 шақырымында (98%) асфальттың төменгі қабаты төселген. Үстіңгі қабаттың 391 шақырымы жаңартылды.

"Шілде айында Жетісу облысында ұзындығы 91 шақырым болатын 2 учаске пайдануға беріледі", - деп атап өтті министр.

Айта кетері, осы айда Қазақстандағы ең ұзын тоннель де ашылады.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар