Ол дәрігерлер сырын білмей жатқан дерттен қолы күп болып ісіп кеткенін көрсетті.
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бәпи белгісіз дерттен қолы домбығып ісіп, денесін түсініксіз дақтар басқанын көрсетті, деп жазды KYN.KZ тілшісі.
“Ауырып қалған жағдай бар... Диагноз белгісіз... Улану мен уландыруға қатысты күдік бар дейді... Клеткалық-молекурялық негізде диагностика қажет екен... Көрерміз... Аман болайық, ағайын!” - деп жазды ол әлеуметтік желіде.
Ермұрат Бәпи депутаттыққа келмей тұрып "Дат" кейіннен "СолДат" оппозициялық басылымын басқарды. Қазір Назарбаев пен оның туыстарына қатаң әрі ашық сынайды. Олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылуы керек екенін жиі айтады.