Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда жаңа мереке күні белгіленді

Қазақстанда жаңа мереке күні белгіленді
Сурет: dknews.kz
Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстанда жаңа мереке күні пайда болды. 23 сәуір - Ұлттық кітап күні болып белгіленді, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Үкімет Қаулысы бойынша, Қазақстанда жаңа мереке "23 сәуір – Ұлттық кітап күні" бекітілді. Аталмыш мереке Мемлекет басшысының қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына байланысты белгіленгені айтылды.

Қаулы 2024 жылғы 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

"Кітапқұмарлық – жақсы қасиет. Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Біз, ең алдымен, жастарды кітап оқуға баулуымыз керек. Сонда жаппай кітап оқитын ұлтқа айналамыз", – деген болатын Президент Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар