қазақстандықтар 59 күнде 1 102 560 кітап оқыған:"Кітап оқитын ұлт" республикалық марафоны тарихи белесті бағындырды
Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560 кітап оқып, 1 102 560 пікір жазды. Бұл — күн сайын орта есеппен 18 мыңнан астам кітап, ал әрқайсысының артында оқырманның өз пікірі тұр.


























