«Қайраттан напақасын тауып жүретін»: Гүлзира Айдарбекова ұлының досы туралы шындықты айтты
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 шілде, 2024
- 4.0k
Ұшақта төбелес шығарып 15 тәулікке қамауға алынған Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова ұлының досы туралы айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Продюсер Қайраттың досын әдейі шу шығарды деп айыптады. Айтуынша, ол әншінің арқасында нәпақасын тауып жүрген екен.
“Ойламаған жерден артынан келіп құлақ шекесінен бір ұрған. Сол кезде Қайрат атып тұрып бетіне ұрған кезде көзі көгерген. Ол жігіт бірден барып тексерілуден өтіп анықтама алып алған. Қайрат бір жағы ісіп кетсе де, қазақылыққа салынып өзіміз деп қоя салған. Түкте арамдық ойламаған ғой танысы болған соң. Артынан зыр жүгіріп аяқкиіміне дейін сүртіп кигізіп, Қайраттан напақасын тауып, ары-бері тасып жүретін еді. Үйге еркін кіріп, шай-тамағымызды өз үйінде жүргендей бірге ішіп-жеген күндері де болды. Біледі ғой ел шулап кететінін. Әдейі жасап отыр. Масқарасын шығарамын, кешірім сұрап, ақша ұсынады деп ойлады”, – деп жазды желідегі парақшасына.
Сондай-ақ, Гүлзира Айдарбекова Қайраттың досынан кешірім сұрағаны жалған ақпарат екенін атап өтті.
“Менің бір түсінгенім, кішкентайынан құласа да, тұрса да, елдің көз алдында өсіп келе жатыр. Халыққа өз бауыры мен ұлдарындай болып кетеді екен. Жек көріп тұрса да, жүрегінің түбінде жақсы көріп тұратындарды байқадым. Көзден жас құлап барады, жүрегім жылап барады. Әттеген-ай, ештеңе айта алмаймын. Әлеуметтік желіде “Қайрат Нұртас досынан кешірім сұрады” деген өсек тарап жатыр екен. Сенбеңіздер! Осындай алаяқтарға еріп, қаншама адам өсек өрбітеді. Қайратты қолдаған халыққа шын жүрегімнен алғыс айтамын”, – деді продюсер.
Ұқсас жаңалықтар
"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев жұртқа өз ақылын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024