Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Өз атыңа кір келтірме»: журналист Димаш Құдайбергенге өзін пайдалануына жол бермеуін ескертті

«Өз атыңа кір келтірме»: журналист Димаш Құдайбергенге өзін пайдалануына жол бермеуін ескертті
Сурет: Фотоколлаж Kyn.kz
Сені Саясат Нұрбек ғылым мен Болашақты жарнамалау үшін пайдаланды

Белгілі журналист Гүлбану Әбенова кәсіпкер Айбек Баруысовтың зауытына барған әнші Димаш Құдайбергенге ақыл айтты. Ол өнер иесіне алаяқтармен байлансудың қажеті жоқ екенін ескертті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы журналист Facebooк-тегі парақшасында жазды. Сөзінше, Саясат Нұрбек Димаш Құдайбергенді Болашақты жарнамалау үшін пайдаланған екен.

«Барысовтың Димаш Құдайбергенді брондалған көліктерді жинайтын зауытына шақырған видеосын оқырмандарым жіберді. Украинада болған әскери техниканың зауыты Димашқа не үшін қажет екенін білмедім. Сол үшін Барысов оған үлкен көлемде ақша төлеген бе?

Айналайын, Димаш! Ұры, алаяқтармен байланысып, осы ақ костюміңдей өз атыңа кір келтірме. Сені Саясат Нұрбек ғылым мен Болашақты жарнамалау үшін пайдаланды. Болашақ бойынша сені пайдаланды. Мен сынағаннан кейін ақылың мен батылың жетіп сен одан бас тарттың. Сенің аузыңнан халық бәрін де қабылдайды, себебі, саған сенеді. Саған айналаңда жүрген адамдарды жақсылап таңдау керек. Мәселен, мына кісі мемлекеттен 4,7 млрд алып, жұмыс техникасын орнына қоймай, жауынгерлік модульдерді ауыстырмақ болды ма?

Айбек Барысов 4,7 млрд халық ақшасын алып, осы ақшаға ақаулы техниканы жинап, мемлекетке жеткізді. Әрі қарай ол ақауы бар техникасын қабылдау үшін мемлекеттік органды сотқа берді. Бірақ ұтылып қалды. Ол енді мемлекет пен Қазақстан халқына 4,7 млрд. теңге және 146 млн. мемлекеттік бажды төлеуге тиіс. Әйтсе де бір жылдан астам уақыт өтті, ол халықтың ақшасын мемлекетке қайтармады. 1 жылдан аса уақыт өтті халықтың ақшасын мемлекетке қайтарар емес. Қайтарғысы келмейді немесе қайтаратын ақшасы жоқ. Сондықтан жемқорлар оның техникасын қабылдамай жатыр деген халықтың пікірін өзіне қарату үшін пиармен айналысып жатқандай...

Димаш, сен жұлдызсың! Олардың деңгейіне түспе!», — деп жазды Гүлбану Әбенова.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар