«Арсенді алып кетуге сәл қалды»: Мереке Қалбаева әзілдеймін деп сынға қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 шілде, 2024
- 2.9k
Әзілкеш, актриса, блогер Мереке Қалбаева күйеуінің істі бола жаздағанын айтып, жұртты алаңдатып қойды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол оқырмандарына әзілдеп, өзінен кіші жастағы күйеуін өз қамауына алғанын айтқан. Алайда, желі қолданушылары оны әзілі үшін сөге жөнелді.
“Осыдан 6 жыл бұрын Арсен Акиевті өз қамауыма алған болатынмын. Әлі менің үй қамағымда, айналайындар. Тыныш жүрейікші. Жақсы жаңалық көп болсын", – деп жазды Мереке Қалбаева.
Артынша блогер күйеуінің осыдан екі апта бұрын ғана істі бола жаздағанын жазды.
“Мұндай жағдай барлығының басына түсуі мүмкін. Екі апта бұрын біз де дәл сондай жағдайға тап болдық. Өз есігіміздің алдынан Арсеннің қолын қайырып алып кетуіне сәл қалды. Ондай кезде ең керегі сабыр екенін көзім жетті. Сондықтан түсініп алайық. Әзілдесек те, өз үстімізден әзілдеп отырмыз", – деді ақталған әзілкеш.