«Ағам пәктігімді ала алмады»: бойжеткен мұңын шақты
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 шілде, 2024
- 41.7k
Бойжеткен туған ағасының өзін екі рет зорлағысы келгенін айтып, мұңын шақты. Бұл туралы құқық қорғаушы Ләззат Рақышева өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Айтуынша, ағасы оның киімін екі рет шешпекші болған. Алайда, ол өзін зорлауына жол бермепті.
"Көп қыздардың басынан өткен шығар менің оқиғам. Ағамнан қорлық көру. Шамамен 6-7сынып оқушысымын. Ағам екеуіміз бірге ұйықтайтынбыз. Бір күні ағам көшеден келді мен ол кезде ұйықтап кеткен кезім еді. Бір кезде денеме тиген қолдарды сездім. Қатты қорықтым. Ағам киімімді шешпекші болып жатыр екен. Менде ұйқылы ояу жатып ештеңе түсінбедім. Бірден орнымнан тұрып су ішуге кеттім. Содан ағамның ұйықтап кеткенін күттім. Мен оянғанда ол түк білмегендей өтірік ұйықтап жатты. Содан қатты жыладым. «Таң атсын мама мен папаға айтам» деп үнсіз жылап жаттым.Бірақ таң атқанда ештеңе де айта алмадым қорықтым. Содан ол жағдай екінші рет қайталанды. Ол кезде де киімімді шешкісі келді. Бірақ мен тағы да оянып кеттім. Ол әдетінше өтірік ұйықтады. Бұл жолы да ешкімге айта алмадым. Қазір ағам қасыма жақындаса қорқамын. Одан қашқақтауға тырысқанмен ол маған жақындайды. Кей кезде құшақтағысы келіп құшақтағанда қашып кеткім келеді сол оқиғалар есіме түседі. Аллаға шүкір пәктігімді ала алмады. Бірақ болашақта мен қалай ер адамдарға сенемін? Ағамның өзі осылай жасаса",- деп жазған бойжеткен.