Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Меккеге баруға сыйлаймын»: Нұрлан имам TikTok-тан 2 мың доллар табыс тапты

«Меккеге баруға сыйлаймын»: Нұрлан имам TikTok-тан 2 мың доллар табыс тапты
Сурет: nurlanimam.kz
Оның әлеуметтік желі арқылы тапқан табысын мобилограф Қыран Талапбек көрсетті

Белгілі дінтанушы, имам Нұрлан Байжігітұлы TikTok әлеуметтік желісі арқылы 2 мың доллар табыс тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оның әлеуметтік желі арқылы тапқан табысын мобилограф Қыран Талапбек көрсетті.

«Құрметті достар, Нұрлан имаммен жолығып отырмыз. Бұл кісі TikTok арқылы ақша табуға болатынын білмей жүр екен. Осы күнге дейін 2 мың АҚШ долларын жинапты. Шынымен де балансы осындай суммаға жеткенін білмеген. Өзі білмеген соң кіріп көрсем, ақшасы шығып тұр», – дейді мобилограф күліп.

Өзінің алғашқы табысын Нұрлан имам Меккеге жолдама ретінде оқырмандарының біріне сыйлайтынын айтты.

«Осыны оқырмандарымның арасында Меккеге ұмра қажылық жолдамасы ретінде менімен бірге баруға сыйлаймын», – деді имам.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар