Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстандағы бай әйел Ресей азаматтығынан бас тартты

Қазақстандағы бай әйел Ресей азаматтығынан бас тартты
Сурет: the-steppe.com
Айдан Сүлейменова – Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтің қызы және қазақстандық кәсіпкер Данияр Әбілғазиннің әйелі.

Қазақстандағы бай рантье-әйел Айдан Сүлейменова Ресей паспортынан бас тартты, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

11 шілдеде Ресей президенті Владимир Путин "Ресей азаматтығына қабылдау және Ресей азаматтығынан шығу туралы" жарлыққа қол қойды. Құжатқа сәйкес, Айдан Сүлейменова ресейлік паспорттан бас тарту туралы өтініш берген.

Айдан Сүлейменова – Қазақстанның тұңғыш Сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменовтің қызы және қазақстандық кәсіпкер Данияр Әбілғазиннің әйелі.

Forbes мәліметінше, Сүлейменова ADD Invest Properties компаниясының иесі болып табылады, осы арқылы ол ерлі-зайыпты Құлыбаевтармен бірге астаналық Keruen City сауда орталығы мен Talan Gallery сауда орталығына иелік етеді және Keruen City сауда орталығындағы үлеске ие. 

Серіктестік қоржынында Ақтөбедегі Keruen City сауда орталығының 50 пайызы да бар. Айдан Сүлейменова "Аяла" қайырымдылық қорын да басқарады.

2023 жылдың соңында Сүлейменова 4,3 миллиард теңге табыспен ең табысты рантье рейтингінде сегізінші орынды иеленген.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар