Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Әркім өзі біледі”: Салтанат Бақаева күйеуіне қолдау білдірмеген Жұлдыз Әбдікәрімованы жақтады

“Әркім өзі біледі”: Салтанат Бақаева күйеуіне қолдау білдірмеген Жұлдыз Әбдікәрімованы жақтады
Сурет: ашық дереккөздерден
Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртасты жақтауға міндетті емес екенін айтты

Әнші, актриса Салтанат Бақаева 15 тәулікке қамауға алынған Қайрат Нұртасқа қатысты ешқандай пікір білдірмеген Жұлдыз Әбдікәрімованы жақтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әнші Анна Данченкоға айтып, әркім өзі білетінін жеткізді. 

“Бұл жеке адамның өз мәселесі деп ойлаймын. Сондықтан мұндай нәрсеге көңіл аудармау керек. Өйткені әр адам өзі біледі. Айтады ма, айтпайды ма өз еркінде. Айтуға міндетті емес қой. Бәлкім өзі жеке айтатын шығар. Ол айтып та жатқан шығар. Бұл түсінікті жағдай ғой. Неге барлығын желіде жариялап, көрсетуі керек?! Әркім парақшасын қалай жүргізетінін өзі біледі”, – деді Салтанат Бақаева.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар