Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жаңбыр, дауыл: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Жаңбыр, дауыл: демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
sochi.bezformata.com
Биылғы шілде айында жауын-шашын мол болмақ

Алдағы демалыс күндері еліміздің барлық аймағында жауын жауып, жел күшейеді. «Казгидромет» республикамыздың басым бөлігінде дауыл тұрып, найзағай күтілетінін айтуда.Табиғаттың тосын мінезі соңғы уақытта тұрғындарды әбігерге салғаны рас. Әсіресе Алматыда күндіз күн қатты ысып, кешке дүлей дауыл тұру үйреншікті құбылысқа айналған. Экологтар мұны климаттың өзгеруі мен Тынық мұхитынан жеткен ауа ағымымен байланыстырып отыр.

Биыл "шіліңгір шілде", "аспан айналып жерге түскендей" деген тіркесті тіпті оңтүстіктің тұрғындарының аузынан естімейтін сияқтымыз. Әдетте шыжып тұратын жаздың ең ыстық айы биыл жауын-шашынды болып тұр. Ауа райына әсіресе алматылықтар алданып жүр. Өйткені таңнан кешке дейін күн шақырайып, ал кеш ауа дауыл көтеріліп, нөсер жауынға ұласады.

Жаңбырдан кейін қала көшелері мен арықтар көлкіп, жер асты өткелдері малмандай су болып жатады. Жауын суы тіпті қоғамдық көліктің ішін де басып қалды. Құбылмалы ауа райы Семей мен Жаңатас қаласыының тұрғындарын да әуре-сарсаңға салды. Толассыз жауыннан Жаңатаста 50 үйді су басып, төтенше жағдай жарияланды. Мұндай ауарайы демалыс күндері де қайталануы мүмкін. «Казгидромет» мамандары еліміздің өзге өңірлерінде де жауын күтіледі деп отыр.
 

"Алдағы күндері Қазақстанның ауа райын оңтүстік циклон қалыптастырады, өткінші жаңбыр сақталады, тек еліміздің солтүстік-шығысы мен шығыс өңірінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. 13 шілдеде Республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы, орталығы, солтүстік-батысы және батысында қатты жаңбыр жауады. Қазақстан бойынша найзағай, бұршақ, дауыл және желдің күшеюуі күтілуде",-дейді «Қазгидромет» РМК 1-санатты инженері Афродита Пірімжар.

Құтқарушылар жауын-шашын кезінде тұрғындардың таулы аймаққа бармауын сұрайды. Қатты жауыннан өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Дегенмен экологотар табиғаттың тосын мінез танытуы жақында тыйылады дейді. Көп ұазамай нөсер жауын тоқтап, дауыл азаяды. Ал әзірге күн райының аумалы-төкпелі болуына көндігіп, синоптиктердің болжамына құлақ түріп жүруден басқа амал жоқ.

 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар