Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады

Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады
Инстаграм
12 шілдеде Джеки Чанның көптен күткен жаңа "Аңыз" атты фильмі прокатқа шықты.

Фильмнің соңында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы This Love ("Бұл махаббат") саундтрегі шырқалады, деп хабарлайды dimashnews.com сайты. 

Әншінің шығармашылық қызметіне арналған сайттың мәліметіншне, трек 5 шілдеде музыкалық платформаларға шықты.

Джеки Чанның өзі басты рөлді сомдаған жаңа фильмнің тарихы археолог Джек туралы және оның шәкірттерімен бірге арман әлемі мен шындық арасында көпір қызметін атқаратын артефактты қалай тапқаны туралы баяндайды.

Археолог мұздық қазбалары кезінде табылған жәдігерлердің текстурасы түсінде көрген нефрит кулонын еске түсіретінін айтады… "This Love" әнін Джеки Чанмен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген Оскардың музыкалық төрешісі, маэстро Натан Ванг жазған. Жаңа ән Ван мырза мен Димаштың үшінші бірлескен туындысы.

2020 жылы Димаш "Авангард" фильміне Happy саундтрегін орындады. 

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар