"Директор үйқамаққа алынды": Атырауда 4 жасар бала бақшада кәріз құдығына құлап қайтыс болды
- автор kyn.kz
- 14 шілде, 2024
- 438
10 шілде күні Атырау қаласындағы «Чебурашка» балабақшасында төрт жасар бала кәріз құдығына құлап, қайтыс болған. Соған байланысты, яғни балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамай, абайсызда баланың өліміне әкеп соқтыру фактісі бойынша полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады.
“Сол күні Атырау қаласы прокуратурасының нұсқауымен балабақша директоры мен тәрбиешісі ұсталып, Атырау қаласының ПБ-ның УҰИ-на оқшауландырылды. 12 шілде күні сотпен оларға қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды”, – деп түсіндірді облыстық прокуратура.
Сондай-ақ хабарламада балалардың құқықтарын қорғау – прокуратураның қадағалау қызметінің басым бағыты екені айтылып, балалардың құқықтарын бұзу фактілері, оның ішінде оларға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау фактілері ерекше бақылауда тұрғаны жеткізілген.
Ұқсас жаңалықтар
Мектеп директоры оқушыларды ұрған: желіде видеосы тарады (ВИДЕО)
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 қараша, 2024