Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алтынай Жорабаева елге ақыл айтамын деп ұрыс естіді

Алтынай Жорабаева елге ақыл айтамын деп ұрыс естіді
ашық дереккөз
Алтынайдың жарнамасына "тойған" оқырманы оған елдің алдында тек әншілігімен жүреберуге кеңес берді
Әнші артық қыламын деп, тыртық қылды. Инстаграм желісінде жариялаған видеосында ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу керек екенін алға тартып, балалар тістеріне мұқият болудың маңыздылығын айтып өтті. Алайда, жұлдызды кеңес желі қолданушылар арасында қолдау таппады.
Алтынай Жорабаева бала күнінде тіс ауруына қатысты көп қиналғанын, сондықтан да қыздарын жыл сайын профилактикалық тексерістен өткізіп тұратынын атап өтті. Ол тіске кішкентай қара дақ түскеннен бастап көңіл бөлу керектігін де айта кеткен. “Ертең ол үлкейіп кетпеу керек. Ол балалардың жүйкесін тоздырады. Балалардың қиналғанын қаламаймын. Жарты жылда бір рет тіс дәрігеріне қаралып тұрамыз. Тіс пен іш ауруы – ең шыдатпайтын ауру ғой. Сол себепті асқындырып алмау керек, сіздерге де кеңес беремін”, – деген екен әнші. “Оны әрбір ана біледі деп ойлаймын, сіздер әбден xалықты мезі қылғансыздар, не болса соны салып, ренжімеңіз, тым мақтаншақ боп кеткен жоқсыздар ма? Шетелде демалғандарыңыз, ішкен-жегеніңіз, үйіңізді түсіріп болып, енді тіс емдеткендеріңіз қалды ма? Бұныңыз шынымен ұят, ерсі сіз сияқты әншілер үшін”, – деп сынады Айгүл Үмбетова есімді оқырман. Бұл ретте Жорабаева өзін сынға алғандарға жауап берді.

Қайырлы түн баршаңызға 😘😍. Бағана стомотологиядағы видео қатты талқыға түсті ия?😅 Қыздарымды кезекпен емдетіп отырып, қолым бос , коментарииге жауап жазып дегендей 😅😉. Әңгіме болсын дееееп қой негізі 😅. Көп адамдар кәәәәдімгідей беріліп, мені жұлып жеуге шақ қалыпты ғой 😉😅. ,,Расслабьтесь😉 " Бәрі тамаша 👍🏼. Мынау қамшының сабындай қып қысқа өмірде сыйласып өткенге не жетсін 😍. Мен туралы ойларыңыз қандай болса да , өзгертуге тырыспаймын. Әркімнің өз пікірі бар ғой а так та 😉👍🏻. Бәрібір мен сіздерді, яғни ХАЛҚЫМДЫ ЛЮЛЮ БЕСКОНЕЧНА ЧНА ЧНА ҒОЙ😘❤🙏🏻. Сағат 00:30

Публикация от Алтынай Жорабаева (@altynaizhorabayeva)

“Бағана стомотологиядағы видео қатты талқыға түсті иә? Қыздарымды кезекпен емдетіп отырып, қолым бос, пікірге жауап жазып дегендей. Әңгіме болсын деп қой негізі. Көп адамдар кәдімгідей беріліп, мені жұлып жеуге шақ қалыпты ғой. Расслабьтесь. Бәрі тамаша. Мынау қамшының сабындай қып қысқа өмірде сыйласып өткенге не жетсін. Мен туралы ойларыңыз қандай болса да, өзгертуге тырыспаймын. Әркімнің өз пікірі бар ғой а так та. Бәрібір мен сіздерді, яғни халқымды шексіз жақсы көремін”, – дейді ол.
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар