Басты жаңалықтар
Қостанай облысында сегіз жасар қыз найзағайдан мерт болды
- автор kyn.kz
- 11 шілде, 2018
- 315
Қостанай облысында сегіз жасар қызға жай түсіп, алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.
Бұл жайлы Alau.kz басылымы жазды
Оқиға 10 шілдеде Рыспай ауылында болған. Найзағай ойнап тұрғанда қыз бала дүкеннен үйіне қайтып келе жатыпты.
2010 жылы туған баланың өлімі туралы ақпаратты облыстық ТЖД растады.
Бұдан бұрын Қазгидромет күн күркіреуіне байланысты дабылды ескерту жасаған болатын.
Атап өтсек, статистика бойынша, әлемде жыл сайын 6000-нан 24 мың адамға дейін жай түсіп қаза табады.