Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

“Пәтерде жүр екен”: Роза Әлқожа Нұрғали Нүсіпжановтың қазіргі жағдайын біліп қайтты

“Пәтерде жүр екен”: Роза Әлқожа Нұрғали Нүсіпжановтың қазіргі жағдайын біліп қайтты
Сурет: жеке парақшасынан
Үй сатып алсам деп жинаған бар ақшасын Шәуілдірден келген бір алаяққа беріп, енді соны ала алмай пәтерде жүр

Әнші Роза Әлқожа өнердегі ағасы Нұрғали Нүсіпжановпен кездесіп, оның қазіргі жағдайын біліп қайтқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, эстрада дүлділі қазіргі кезде пәтерде жүр. Бұл жайында Instagram-дағы парақшасына бөлісті. 

"Сазгер, әнші, ұстаз Бағлан Бәбіжан құрбымыз біраздан бері "ағаға барып қайтайық" деп жүрген. Кеше соның сәті түсті. Халық әртісі, бүгінгінің аңызы Нұрғали Нүсіпжанов ағамызға сәлем беріп бардық. Биыл сахнада жүргеніне 70 жыл толады екен. Өзі 87 ге келіпті. Ағадан бата алып, ырымдап жатыр. Біз кейде қасымыздағының қадірін білмей, жеке қалдырып, құса қылып жатамыз, неге деген сұрақ туады осындайда?! Аға жер үй сатып алсам деп жинаған бар ақшасын Шәуілдірден келген бір алаяққа беріп, енді соны ала алмай пәтерде жүр екен", - деп жазды Роза Әлқожа. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар