Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда әйел жаңа туған сәбиін пакетке орап, қоқысқа лақтырған

Алматыда әйел жаңа туған сәбиін пакетке орап, қоқысқа лақтырған
Сурет: freepik.com
Өлі сәбиді тұрмыстық қалдықты сұрыптаумен айналысатын кешен жұмысшылары тауып алған

Шақалақты пакетке орап, қоқысқа лақтыра салған. Алматыда полицейлер жаңа туған нәрестесін тастап кеткен тасжүрек ананы іздеп жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі  КТК жаңалықтарына сілтеме жасап.

Өлі сәбиді тұрмыстық қалдықты сұрыптаумен айналысатын кешен жұмысшылары тауып алған. Пакетке оралған шақалақты көре сала, бірден тәртіп сақшыларын шақыртқан. Green Recycle серіктестігінің басшылары бүгін бізге жауап беруге құлық танытпады. Тергеу құпиясын желеу етіп отыр. Ал полицейлер туа сала тастап кеткен безбүйрек ананың жеке басын анықтап жатқанын жеткізді.

“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баланың анасының жеке басы және де басқа да мән-жәйы анықталып жатыр. Сараптамалар тағайындалды”,- Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар