«Қортық боп қалатынмын»: Али Оқапов Аружан Жазылбековамен болған оқиғасы туралы бөлісті
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 шілде, 2024
- 653
Әнші Әли Оқапов "Кездесу" әнінің жаңа нұсқасын жарыққа шығарды. Бұл өнер иесінің алғашқы туындысынің бірі болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол аталмыш туындының бейнебаянын түсіру кезіндегі суреттерді жеке парақшасында жариялады. Әннің бейнебаянына актриса Аружан Жазылбекованы қалай таңдағаны туралы айтты.
"12 жыл бұрын осы ән менің ең алғашқы қадамдарымның бірі болды. Әннен бөлек, бейнебаян да ерекше естелік болды. Актрисаны таңдаған кезде, жәй ғана Youtube желісінде "Актрисы Казахстана" деп тердік, сол кездегі бүкіл жас актрисалармен бір бағдарлама шықты. Бағдарлама біткенде режиссер менен "кімге хабарласамыз?" деп сұрады. Мен "Жүргізушіге" дедім. Сол бағдарламаны Аружан Жазылбекова жүргізді. Ақыры бейнебаянның бас кейіпкері болды", - деп жазды әнші.
Түсірілім алаңында орын алған қызықты оқиғасымен бөлісті.
"Біз кадрда бірге тұрғанда, Аружан биік өкшесін шешуге мәжбүр болды. Өйткені табиғи бойымыз бірдей. Ал ол биік өкшемен тұрғанда мен қортық боп қалатынмын қасында. 12 жыл өтіп, осы әнді қайта өңдеп, дауысын жазып, жаңа нұсқасын ұсынып отырмын", - деп еске алды Али Оқапов.
Ұқсас жаңалықтар
"Проблемам бітпей кетті": Сәкен Майғазиев жұртқа өз ақылын айтты
- авторТомирис Тоныкөк
- 6 желтоқсан, 2024