«Маған тиісе бастады»: Шымкентте оқушы қыздар боди-массаж қызметін көрсетіп, ақша тапқан
- автор Томирис Тоныкөк
- 16 шілде, 2024
- 3.7k
Шымкентте жалғызбасты ана кәмелет жасқа толмаған қызы боди-массаж жасайтын орында жұмыс істегені үшін ата-ана құқығынан айырылуы мүмкін. Ол қызының сол жерге жұмысқа орналасқанын оның сыныптасынан естіген, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әйел «Көреміз» бағдарламасына жүгініп, жағдайдың қалай болғанын әңгімелеп берді. Айтуынша, қызы құрбыларымен бірігіп жазғы демалыста жұмыс істеп, тиын таппақ болған. Алайда, боди-массаж жасап қызмет көрсететін жұмысқа орналасқан.
«Мен жұмыста жүргенде құрбысы «Айсана үйде ме?» деп жазып сұрай бастады. Бұл Нұрсезім деген үнемі бірге жүретін қыз еді. «Иә, үйде» дедім. Күні бойы ол үйде негізі, ал ұлымды өзіммен бірге жұмысқа алып кетемін. Бір кезде «ол түнімен үйде болған жоқ, қызыңыз жаман жерге барып жүр» деп айта бастады. Жаман жер дегені боди-массаж жасайтын жер екен, қызым сол жерге жұмысқа кіріпті. Нұрсезім «Зияда деген бір қыз сіздің қызыңызды жаман жолға тартып жүр, ақша табамыз деп боди-массаж жасайтын жерге апарды» деп жазды», - дейді жалғызбасты ана.
Шындықты білгеннен кейін әйел бірден құқық қорғау органдарына жүгінген. Интим қызмет көрсететін жерге барса, пәтерде қыздар мен тағы бір мас ер адам болған. Ал жұмысқа алғандар қыздардың мектепте оқитындарын білмеген көрінеді.
«Көреміз» бағдарламасының журналистері уақытша оқшаулау орталығындағы кәмелетке толмаған қыздармен байланысқа шыққан.
«Зияда екеуміз пәтерге барып көп отырдық. Бір кезде екі өзбек келді. Біреуі мас болды, ол маған кірді. Кіргеннен кейін маған тиісе бастады. Мен шошып, шығып кеттім, ешнәрсе істеген жоқпын. Маған адамдар «сен істедің, жатып шықтың» деп жатыр. Білмеймін енді, маған бәрібір. Негізі адам көп келген жоқ», — дейді қыз.
Жеткіншек қыз ең алғашында боди-массаждың не екенін білмеген. Айтуынша, ол жердегілер оны «тек массаж жасайсың» деп сендірген. Ендігіде жалғызбасты ана қызын қайта тәрбиеге салғысы келетінін жеткізді.