Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ажырасатын болсаң, клубты қайтар»: Бишімбаевтар Назым Қаһарманның басқаруындағы түнгі клубты тартып алған

«Ажырасатын болсаң, клубты қайтар»: Бишімбаевтар Назым Қаһарманның басқаруындағы түнгі клубты тартып алған
Сурет: inbusiness.kz
Ажырасқан уақытта дүние-мүліктің теңдей бөлінуі – заңдылық

Экс-министрдің бұрынғы әйелі Назым Қахарман желідегі парақшасында тікелей эфир өткізіп, қыз-келіншектерге отбасы, ажырасуға байланысты кеңестерімен бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Айтуынша, ерлі-зайыптылар ажырасқан уақытта дүние-мүлік теңдей бөлінуі қажет. Тікелей эфирді марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы екеуі бірлесіп жүргізген.

«Ажырасқан уақытта дүние-мүліктің теңдей бөлінуі – заңдылық, бұл әлемдік тәжірибе. Алайда біздің ел бұған әлі жатырқай қарайды. Еркектер «Мен табыс табамын, ал сен үйде бос отырсың» деп шыға келеді. Әйелдің 9 ай бала көтергені, босанғаны, гормондық, психологиялық қиындықтарды бастан өткізгені қайда қалды? Оның құны қалай есептеледі? Баланың әкеге сыйлар бақытын да ақшамен есептей алмаймыз», – дейді ол.

Назым Қаһарман бұрынғы күйеуімен ажырасар кезінде одан өзі басқарып жүрген клубты қайтаруын талап еткен.

«Мүлік арқылы манипуляция жасауға болады. Қазақстандағы көп әйел сияқты мен де жұбайыма сендім. Менің басқаруымдағы түнгі клуб бұрынғы енемнің атына жазылған болатын. «Ажырасатын болсаң, клубты қайтар» деді. Клубты бердім. Мен бұл клубқа 10 жылымды жұмсадым. Бұл жерде өзіңізді қорғау маңызды, манипуляцияның жетегінде кетпеу керек. Бірақ ол (Бишімбаев – авт.) маған клубты 8 айдан кейін қайтарып берді, өйткені ол балалардың алдында абыройын сақтап қалғысы келді », - дейді Назым Қаһарман.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар