Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Таза күмістен соқтырды»: Мақпал Жүнісованың марқұм күйеуінен алған қымбат сыйлығын көрсеткен видеосы тарады (ВИДЕО)

«Таза күмістен соқтырды»: Мақпал Жүнісованың марқұм күйеуінен алған қымбат сыйлығын көрсеткен видеосы тарады (ВИДЕО)
Сурет: Видеодан скриншот
Осыдан бірнеше жыл бұрын Заманбек Нұрқаділов оған асыл тастармен көмкерілген сәукелені сыйға тартқан

Халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділовтің өзіне сыйлаған ең бағалы сыйлығын көрсетті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Заманбек Нұрқаділов оған асыл тастармен көмкерілген сәукелені сыйға тартқан.

“Асыл тастармен көмкеріп, таза күмістен соқтырды. Өзі сондай ерекше, әрі бағалы. Сол кезде 33 мың долларға жасатқан. Күйеуімнің маған берген сыйлығы, мәңгілік бағалы сыйлық болып қалады", –  деді Мақпал Жүнісова.

Айтуынша, бұл сәукелені көп жерге кимейді және апармайды. Өйткені оның салмағы ауыр. Сондай-ақ, өзге біреулердің ұрлап кетуінен сақтанады екен.

"Жеке концертімде басымды тік ұстап тұрып кидім. Мойнымды бұруға мұршам болмады. Домбырамен жеті өлең айттым. Бір жағынан басыңды тік ұстап тұруға жақсы екен. Жеңіл бас киім кисең кейде басың ойнап кетеді. Ал мұны кисең еңсең көтеріліп, басқаша болып тұрасың", – деәді әнші.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар