Үндістанда жекеменшік клиникада 50 жастағы қазақстандық әйелді 25-тегі жігіт зорлап тастады
- автор Томирис Тоныкөк
- 17 шілде, 2024
- 12.8k
25 жастағы үндістандық 50 жастағы қазақстандық әйелге жыныстық сипаттағы зорлық көрсеткен, деп хабаралйды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Басылымның хабарлауынша, Үндістандағы Гургаон қаласының прокуроры Artemis жеке емханасында қазақстандық әйелді зорлау дерегі бойынша тергеу жүргізуді тапсырған.
Айыпталушы Тхакур Сингх Раджастхандағы Тижараның тумасы. Ол соңғы бір жыл бойы ауруханада санитар болып жұмыс істеп келген.
Полицияның мәліметінше, науқас Үндістанға қызымен бірге 12 шілдеде келген. Жексенбі күні оған ота жасалып, кейін қалпына келтіру бөлмесіне ауыстырылады. Тхакур әйелдің жаялығын ауыстыру кезінде ғана оған қол тигізгенін айтады.
Бірақ айыпталушы сол күні оның бірнеше рет сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткісі келгенін мәлімдейді. Әйел бұл туралы қызына айтқан, ол аурухана басшылығы мен полицияға хабарлаған.
Сол күні зорлау фактісі бойынша іс қозғалып, Тахкур 15 шілдеде қамауға алынған.