Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Диагнозы туралы білдім»: Колобоктың әйелі бала асырап алуға дайын еместігін айтты

«Диагнозы туралы білдім»: Колобоктың әйелі бала асырап алуға дайын еместігін айтты
Сурет: Ашық дереккөздерден
Әр ота жасалған сайын екеуміз қатты стресске түсетінбіз

Асаба, әзілкеш Колобок лақап атымен танылған Елдос Кәдірхановтың әйелі Таңшолпан Шотаева оның диагнозы туралы тұрмысқа шықпай тұрып білгенін айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ол "Әсембике" жобасына берген сұхбатында әңгімелеп берді. Айтуынша, Елдос осы уақытқа дейін көп емделіп, бірнеше рет ота жасатқан.

"Елдостың диагнозы туралы үйленбей тұрып та білдім. Оған кішкентай кезінде операцияны дұрыс жасамаған. Оның соңы осындай диагнозға әкеп соқтырды. Елдос диагнозы туралы білген кезінде мен жоқ едім, бірақ үйленгеннен кейін дәрігерлерге бардық. Түркияда емделді, қайта-қайта операция жасалды. Әр ота жасалған сайын екеуміз қатты стресске түсетінбіз. Бірге жылап, бір-бірімізді жұбататынбыз", - дейді блогер келіншек.

Оған көбісі бала асырап алуды ұсынатын көрінеді. Бірақ ол бұған дайын еместігін жасырмады.

"Диагноз туралы білгенімде "қазір ЭКҰ деген бар ғой, емделмейтін ауру жоқ, медицина дамыған, болады" деп айтатынмын. Ол кезде мен тұрмыс құрмағанмын, білмеймін. Әлі де үміттенемін. Арада "болмай бара жатса, асырап аламыз" деген әңгіме де болды. Бірақ мен бала асырап алуға әлі дайын емеспін. Себебі, мен ол баланы аламын, сосын мен оны жақсы көрмей қалсам ше? Оған қарағым келмей қалса ше? Осындай болып қаламын ба деп қорқамын. Ол не дегенімен аманат қой, біреудің баласы, ол ұнамай қалса, дүкенге апарып қайта өткізіп тастайтын зат емес. Ол - адам. Мен осыдан қатты қорқып жүрмін, сондықтан Елдосқа "әзірге дайын емеспін" деп айттым", - деді ол. 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар