Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Бектенов: әкімдер тасқыннан кейін салынып жатқан үйлердің сапасына жеке жауап береді

Бектенов: әкімдер тасқыннан кейін салынып жатқан үйлердің сапасына жеке жауап береді
Пресс-служба премьер-министра Казахстана
Төрт облыста құрылыс қарқыны төмен.

Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынынан кейін тұрғын үйлер мен инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Үкіметтің мәліметінше, су тасқыны салдарынан барлығы 19 342 жылжымайтын мүлік (жалғыз баспана болып саналатын үйлер мен саяжайлар) зақымданған, оның 8 578-і қалпына келтіруге жарамсыз деп танылған.

"Бүгінгі таңда 2 578 үй құрылысы мен 6 мың жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша жұмыстар жүргізілуде", - делінген үкімет хабарламасында.

Премьер-министр СҚО-да 200, Павлодар облысында 5 жаңа үй құрылысының жедел жүргізілгенін атап өтті. Сондай-ақ жуырда Қостанай облысында 22 үй тапсырылады.

Әкімдіктер қажетті қаржымен толық қамтамасыз етілді, барлық кемшіліктер жойылды, салынып жатқан үйлердің үлгілік жобалары бекітілді.

"Жекелеген өңірлерде жұмыс кестесінен 15-25 күнге артта қалушылық бар. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола және Атырау облыстарында құрылыс қарқыны төмен", - деп атап өтті үкімет.

Бектенов әкімдерге әрбір нысанға адамдар мен техника жұмылдыруды тапсырып, президент жүктеген міндеттерді орындау үшін шамамен 2,5 ай қалғанын еске салды.

Бұл ретте ол құрылыс нормаларын бұзуға жол бермеу керектігін талап етті.

"Қалпына келтіру жұмыстарының қарқынын жеделдету қажет. Құрылыс материалдарын жеткізуге, еңбек ресурстары мен арнайы техниканы алаңдарда жұмылдыруға байланысты барлық мәселені жылдам шешу керек", - деді Бектенов.

Ол кестеден кешігуге әкеліп соғатын барлық проблемалар туралы дереу орталыққа хабарлау керетігін айтты.

"Қажет болса, біз ресурстарды қайта бөліп, техника мен адамдарды көбейтеміз. Барлық құрылыс нормалары мен қауіпсіздік талаптарының сақталуын қамтамасыз ету маңызды. Бұл мәселелер азаматтарды алаңдатпауы керек. Өңірлердің әкімдері үйлердің сапасына жеке жауап береді", — деді үкімет басшысы.

Премьер-министр өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне құрылыс жұмыстарының сапасын қатаң бақылауды тапсырды.

Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, энергетика және көлік вице-министрлері жұмыс уақытының негізгі бөлігін барлық жұмыс аяқталғанға дейін өңірлерде, тікелей құрылыс алаңдарында өткізетін болады.

Жергілікті жолдарды жөндеуге және реконструкциялауға үкімет резервінен 22,7 млрд теңге бөлініп, зардап шеккен өңірлердегі мектептерді қалпына келтіруге 7,5 млрд теңге бағытталды. Барлық мектеп оқу жылы басталғанға дейін қалпына келтіріледі.

Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар