Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дактилоскопия: Жасөспірімдерден де саусақ ізін алу жоспарланды

Дактилоскопия: Жасөспірімдерден де саусақ ізін алу жоспарланды
Сурет: naked-science.ru
12-ден 16 жасқа дейінгі балалардан саусақ ізі мәліметін жинау оның заңды өкілінің жазбаша рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.

Жасөспірімдерден де саусақ ізі алынбақ! Елімізде 12-16 жас аралығындағы балаларды дактилоскопия тіркеуінен өткізу жоспарланып отыр. Олардың қол өрнектері куәлік не паспорт алуға барғанда сканерленеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Алайда ұл-қыздарды саусақ ізін тапсыруға ешкім мәжбүрлемейді. Яғни бұл процес жасөспірімнің өзі келіскен жағдайда ерікті түрде жүзеге асырылады. 12-ден 16 жасқа дейінгі балалардан саусақ ізі мәліметін жинау оның заңды өкілінің жазбаша рұқсаты негізінде жүзеге асырылады.

Дактилоскопия тіркеуі кезінде ата-анасы қасында болуы керек, қолында туыс екенін растайтын құжаты болуы керек. Дактилоскопия тіркеуі арнайы саусақ ізі сканерінде он саусақты немесе қос алақанды сканерлеу арқылы сиясыз жүзеге асырылады. Болмаса дактилоскопия картасының қағаз бланкісінде сияға батыру арқылы жасалады. Азаматтардың папилляр өрнектерінің ерекшеліктері туралы биометрия деректері төлқұжат пен паспортқа енгізіледі. Ол бірінші кезекте тұлғаның жеке басын растау үшін қолданылады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар