Мәдениет
Нұртас Адамбай Путин, Тоқаев, Назарбаев тағы бірқатар адамнан кешірім сұрады
- автор kyn.kz
- 17 шілде, 2024
- 1.2k
Нұртас Адамбай бұл әрекетінің себебін де түсіндіруге тырысты.
Қазақстандық танымал актер әрі кинопродюсер Нұртас Адамбай желіде бірнеше жазба жариялап, елді таңғалдырды. Өнер иесі Instagram-дағы парақшасында бірқатар саяси тұлғадан кешірім сұраған.
Нұртас Адамбай Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан, еліміздің бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтан, Ресей президенті Владимир Путиннен, Белорусь президенті Александр Лукашенкодан, мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтан кешірім сұрады.
Қазақстандық кинопродюсер осы аталған тұлғалардың барлығын кезінде желіде айыптап, сынағаны үшін өкінетінін жазған. Өнер иесі саясаткерлерден кешірім сұрап, олардың елі үшін жасап келе жатқан қызметіне алғысын айтты.