“Қатты ыстық”: Синоптиктер 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- 19 шілде, 2024
- 888
«Қазгидромет» РМК 19 шілдеге арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазақстанның кейбір облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысында қатты ыстық болады деп күтілуде.
Солтүстікте, шығыста, орталықта, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы, тау бөктерінде қатты жаңбыр күтіледі. ҚР солтүстігінде, оңтүстік-батысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі.
«Күндіз Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі. Атырауда, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, Абай облысының шығысында, Ұлытау облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады», — деп жазды ведомстводан.
Маңғыстау облысында, Атырау облысының оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының солтүстігінде, шөлді аудандарында, Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау, Атыраудың оңтүстік-шығысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Түркістанның шөлді аудандарында, орталығында, Қызылорда облысының оңтүстігінде, Жамбыл облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.